Жетістіктер
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылындағына орай Халықаралық Тараз инновациялық институты облыстық "Тәуелсіз елдің ұланымын" атты үздік пост байқауын ұйымдастырған болатын. Байқаудың мақсаты тәуелсіз елде туып, еркін ойлайтын, Тәуелсіздіктің талантты жастарының азат ойлары мен кемел білімдерін бүгінгі қоғам игілігіне жарату болып табылады. Аталған шарада Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің А-9-20 тобының білімгері Аубакирова Аружан жүлделі 3 орынды иеленді. Құтты болсын!

«Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің» ұйымдастыруымен 11.02.2021ж. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша өткізілген облыстық олимпиадада Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттері «WINNERS» тобы қыздары Момыналы Аяулым, Әбдрасіл Аяжан, Мейрқұл Дамира, Смайыл Аяулым жүлделі І-орын иеленді. Ғылыми жетекшісі Болысбай Айгүл Нурманқызы. Құттықтаймыз

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің жас мамандары Д.Қуанышбекова, Ж.Орақбаева «Білім көкжиегі – практикада» тақырыбында ветеринария саласының адам өміріндегі маңызы мен студент жастарға алған білімдерін тәжірибеде іске асыруға және мал шаруашылығы саласындағы өндірістік қызметке дайын, бәсекеге қабілетті маман болуға дайындау мақсатында тәжірибелік сабақ өткізді. Студенттердің теориялық білімдерін практикада қолданып, көрсету мақсатында өткен сабақ: Тараз қалалық ветеринариялық станция директоры: Қартабаев Қанатбек Қадірұлының, Аса аудандық ветеринариялық станция ветеринар дәрігері: Байсугуров Тулаган Жумамуратовичтің, Тараз инновациялық гуманитарлық институты ветеринария пәні мұғалімі: Абдибеков Бақытжан Тукеновичтің қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы А.Жолдыбайдың ұймдастыруымен «Білім» кәсіби гуманитарлық-техникалық колледжі мен Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің студенттерінің арасында әскери-спорттық ойындардан жарыс өтті.

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің оқытушысы, жас маман Г.Рахметова М.Әуезов атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхананың бөлім меңгерушісі: Әлішева Қамар Егембердіқызының қатысуымен, жастарды кітаппен дос болуға, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы, рухани байлықтарын кітап оқу арқылы арттыруға шақыру мақсатында «Артық ғылым кітапта, Кітаптан ізде ғылымды» атты оқырмандармен кездесу өткізді.

Колледж психологы: Болысбай Айгүл Нұрманқызы «Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбына профилактикалық жұмыстар жүргізді. Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен, міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға және оны біліп құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында өткен кездесу: Тараз қ. ПБ ЖППБ ЮПБ УПҚ полиция майоры Маханов Даурен Усенбекович, Тараз қ. ПБ ЖППБ ЮПБ УПҚ полиция лейтенанты Егембердиева Маржан Қайратовна қатысуымен өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «ТӘУЕЛСІЗДІК-ТУЫММЕН ТҰҒЫРЛЫ, ЕЛТАҢБАММЕН ЕҢСЕЛІ» қалалық жас мамандар байқауы өтті.

Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушысы М.Мадиканова О-9-20 топ студенттерімен «Алғырлар мен тапқырлар» атты студенттер арасындағы спорттық және білім сайысын өткізді.
