Колледждің қысқаша тарихы
«Жоғарғы Тараз инновациялық көпсалалы колледжі» мекемесі Тараз қаласында 2017 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, мемлекеттік емес колледждерінің бірі. Қазіргі таңда колледж 11 мамандық 16 біліктілік бойынша мамандар даярлайды.
04.02.2019 жылы құрылтайшылардың шешімімен №5 хаттама негізінде 5 ақпаннан жұмысқа тағайындау туралы №8 бұйрықпен 2019 жылдан бастап «Жоғарғы Тараз инновациялық көпсалалы колледжі» директоры болып Мырзабекова Ляззат Турсыналиевна колледж директоры қызметін атқарып отыр.
Колледждің жобалық қуаты - 1500 орын.
2021-2022 оқу жылында колледжде оқығандар саны - 520 студент, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша – 264 студент қамтылған. Ал, 2025-2026 оқу жылында колледжде білім алушылар саны - 1129 студентті құрайды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша-969, күндізгі ақылы бөлімде -160 қамтылған.
2023 жылы колледж лицензиялық талаптарға сәйкес мемлекеттік аттестаттаудан өтті. Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 02.03.2023 ж. №150 бұйрығы
2030 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасының және колледждің Стратегиялық даму жоспарының параметрлерін жүзеге асыру үшін 2021 жылдан бастап колледжде 01120100 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» , 08410100 «Ветеринария», 08210100 «Орман шаруашылығы» мамандықтары және 2023 жылдан бастап 10150100 «Туризм» мамандығы бойынша дуальды оқыту жүйесі енгізілді. 2023-2024 оқу жылында барлық үш мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен дуальды оқыту жүйесімен күндізгі бөлімде - 270 (31 %) студент қамтылды. 2024-2025 оқу жылында қамтылған студенттер саны - 299 (32%), ал 2025-2026 оқу жылында қамтылғандар саны - 517 (46%) құрады. Барлық студенттер өңірдің 50-ден астам жетекші кәсіпорындарымен ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде өндірістік тәжірибе базасымен қамтамасыз етілген.
23 Там 2021 