ҚР «Орман шаруашылығының бүгіні мен ертені»

Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер әдістемелік комиссиясының айлық іс-шараларының «Орманшы» апталығының алғашқы іс-шарасы, арнайы пән оқытушылары Қуаныш А. және Орынбасар Л. ұйымдастыруымен өткізілген дөңгелек үстелден басталды.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты:
Болашақ мамандарды орман алқаптары жұмыстарын орындау бойынша тәжірибелік дағдылар және терең теориялық білімді ұштастыра отырып, орман шаруашылығы проблемаларын шешуде ғылыми әдістерді және техникалық құралдарды қолдана алатын маман ретінде дайындау.

Дөңгелек үстелге:
1)Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты,аға оқытушы Ресей жаратылыстану ғылымдарының профессоры Сейтбаев Қуандық Жумабаевич
2)Ш.Мұртаза атаныдағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты “Агробиологиялық ғылыми - зерттеу” институтының директоры Марат Молдахметов
3)Жамбыл Облысы Байзақ орман шаруашылығы орман күзету қору инженері Заурбеков Мақсат Молдабаевич қатысып өз білгендерін ортаға салып, студенттермен бөлісіп кетті.
